
️ Ауа температурасының төмендеуіне байланысты барлық жүргізушілерді жолда барынша сақ болуға шақырамыз.
Көлік иелеріне өз автокөліктерінің техникалық жағдайын алдын ала тексеріп, қысқы маусымға дайындау ұсынылады. Жол қозғалысы кезінде жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтау, кенет маневр жасамау, сондай-ақ көріну мүмкіндігі шектеулі учаскелерде ерекше сақтық таныту маңызды.
Сонымен қатар көлікте қосымша жанармай қоры, жылы киім және алғашқы көмек қобдишасының болғаны жөн.
️ Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін жүргізушілерге жазғы дөңгелектерін уақытылы қысқы дөңгелектерге ауыстыру қажет. Қысқы дөңгелектер төмен температура жағдайында көліктің жолдағы тұрақтылығын арттырып, тежеу кезінде жеңілдетеді және сырғанап кету қаупін азайтады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес, 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін барлық көлік құралдары қысқы дөңгелектермен жабдықталуы тиіс.
️ Жолдардың жағдайы туралы ақпарат алу немесе өтініш жолдау үшін азаматтар «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына 1403 қысқа нөмірі арқылы хабарласа алады.
Сондай-ақ кез келген төтенше жағдайда 112, 101, 102 немесе 103 нөмірлеріне қоңырау шалу мүмкіндігі бар.