«Таза Қазақстан»: Жолшылар елорда тазалығына өз үлесін қосты

«Таза Қазақстан»: Жолшылар елорда тазалығына өз үлесін қосты

Күз – қорытынды жасап, қалалық кеңістікте тазалық пен тәртіп орнатуға арналған кезең. Осы орайда республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» науқаны шеңберінде Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің ұжымы елорданың заманауи жасыл аймақтарының бірі, әрі тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналған Ботаникалық саябағының аумағын тазалау жұмыстарына белсене атсалысты.

Комитет қызметкерлері санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастырып, түскен жапырақтарды жинап, тұрмыстық қалдықтарды шығарды, сондай-ақ аллеялар мен іргелес аумақтарды абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Атқарылған шаралар елорданың экологиялық ахуалын жақсартуға және қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы, әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталды.

Өткен сенбілік экологиялық мәдениетті қалыптастырудың және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын айқындады. Қаладағы тазалық пен тәртіп қоғамның ортақ күш-жігеріне тікелей байланысты, ал еңбек ұжымдарының үлесі азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі екені анық.

Комитет қызметкерлері елорда тұрғындарын тазалықты сақтауға үндейді. Себебі тазалық – Астананың жайлылығы мен үйлесімінің басты негізі.

Көлік министрлігі елорда тұрғындары мен қонақтарын ортақ үйіміз – Астананы тазалықта ұстауға шақырады. Бұл — шаһарымыздың әр жүрекке мақтаныш пен сүйіспеншілік сыйлайтын қала болып қалуының кепілі.