Автомобиль жолдары комитеті республикалық маңызы бар жолдардың орташа жөндеу жұмыстарының барысын Ақмола және Қостанай облыстарында тексерді. Ақмола облысында бүгінгі таңда негізді ресайклирлеу 105 шақырымға орындалған, төменгі қабат 120 шақырымға төселген, жоғарғы қабат — 90 шақырымға салынған. Жалпы, республикалық маңызы бар 254 шақырым жол жөнделеді деп жоспарлануда. Қостанай облысында негізді ресайклирлеу 270 шақырымда аяқталған, төменгі қабат 220 шақырымға, жоғарғы қабат 105 шақырымға төселген. Аймақта барлығы 360 шақырым республикалық жолды жөндеу жоспарланған.
Атап айтқанда, Комитет өкілдері Қазақстандағы ең ұзын әрі маңызды өңіраралық автомобиль жолдарының бірі — «Жезқазған — Петропавл» тас жолындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Бұл жолдың орташа жөндеуі өткен жылы басталып, биылғы маусымда жалғасуда. Қазіргі таңда Ақмола облысында 77 шақырымдық учаскеде, Қостанай облысында 55 шақырымда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жолдың стратегиялық маңызы зор, өйткені ол елдің төрт өңірін сенімді көлік байланысымен қамтамасыз етеді.
Инспекция барысында Комитет төрағасы жұмыс сапасы мен мерзімін қатаң сақтау маңызды екенін ерекше атап өтті: «Барлық жоспарланған жөндеу жұмыстары сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы тиіс», — деп атап өтті Автомобиль жолдары комитеті.
Сапар қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарға жұмыстардың сапасы мен қарқынын бақылауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.