Жол саласы мамандарына арналған кәсіби коммуникациялық платформа — «Jolshy» (ҚазжолҒЗИ Жаршысы) журналының кезекті санына мақала қабылдайтынын хабарлайды.
🔎Журналдың миссиясы — автомобиль жолдарын жобалау, салу, жөндеу және пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық прогреске ықпал ету, сарапшыларды біріктіру және инновациялық шешімдерді ілгерілету.
Шығарылым тақырыптары:
🔸Қазақстан мен әлемдегі автожол саласының негізгі үрдістері мен сын-қатерлері;
🔸өзекті салалық жаңалықтар;
🔸жетекші мамандармен сұхбаттар;
🔸аналитикалық материалдар, сараптамалық пікірлер мен болжамдар;
🔸отандық және халықаралық тәжірибеге шолу;
🔸цифрландыру, тұрақты даму және жаңа технологияларды енгізу.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бұл сан жол саласындағы негізгі өндірістік буын өкілдеріне — машинистерге, лаборанттарға, дәнекерлеушілерге және өзге де техникалық мамандарға арналған өмірлік оқиғаларға арналады.
Материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.