Көлік министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі комитет қызметкерлері үшін семинар өткізді

Көлік министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі комитет қызметкерлері үшін семинар өткізді

Бүгін Көлік министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Таңсила Мүздыбекова Автомобиль жолдары комитетінің қызметкерлеріне семинар өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау маңыздылығы, қызметтік міндеттерді адал әрі ашық орындау қағидаттары, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды болдырмау жолдары талқыланды.

Таңсила Мүздыбекова Комитеттің әрбір қызметкері адалдық пен ашықтықтың үлгісі болып, заңнама мен қызметтік әдеп талаптарын қатаң сақтауы тиіс екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ заңбұзушылықтар анықталған жағдайда әрекет ету тәртібі және азаматтардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.