Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
14 апреля 2025
Хабарландыру

Хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Көлік  министірлігі 2025 жылдың 7 сәуірінде «2026-2028 жылдарға арналған облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу үшін автомобиль жолдары саласындағы көлік инфрақұрылымының ең төмен стандарттарын бекіту туралы» және «2026-2028 жылдарға арналған астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу үшін автомобиль жолдары саласындағы көлік инфрақұрылымының ең төмен стандарттарын бекіту туралы» бұйрық жобалары интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлайды. 

10 апреля 2025
Қазақстанда автожолдарды қысқы кезеңде күтіп-ұстау мәселелеріне арналған халықаралық семинарға әлемнің әр түкпірінен 100-ге жуық жолшы жиналды

Астанада қысқы жол күтіміне арналған халықаралық семинар өтті. Оған 50 елден келген 100-ге жуық маман қатысты. Қатысушылар экстремалды климат жағдайында жол инфрақұрылымын күтіп ұстау бойынша озық технологияларды, цифрлық шешімдерді және үздік тәжірибелерді талқылады.

«Бүгінгі бірлескен жұмысымыз жемісті ынтымақтастық пен достық байланыстарды нығайтудың бастамасы болсын», — деп атап өтті Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев.

Кадрларды даярлау, инновацияларды енгізу және қыс мезгілі кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дүниежүзілік жол қауымдастығының Президенті Эмануэлла Стокки Қазақстандағы ұйымдастыру деңгейінің жоғары болуын сөз етіп, мұндай кездесулердің халықаралық серіктестік үшін маңыздылығын атап, алғысын білдірді. Сондай-ақ ол келесі жылы PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығының үлкен отырысының Францияда, ал қорытынды сессиясының 2027 жылы Канадада өтетінің атап өтті.

31 марта 2025
Сіздерді халықаралық «Жолдарды күтіп-ұстау: тәжірибелер мен инновациялар» атты семинарға шақырамыз

Сіздерді халықаралық «Жолдарды күтіп-ұстау: тәжірибелер мен инновациялар» атты семинарға шақырамыз

Өтетін күні: 9-10 сәуір 2025 жыл

Өтетін орны: Қазақстан, Астана қаласы,  Гейдар Алиев көшесі 14, «Hilton Astana» қонақ үйі

Тайғақ жолдар, мұз бен қар, қардың қалың жаууы сияқты мәселелер көптеген елдер үшін өзекті бола түсуде. Жолдарды қыс кезінде күтіп-ұстау жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және көлік кептелісін болдырмау үшін өте маңызды.

Біз жолдардағы қызмет көрсетудің жаңа әдістері, технологиялары мен стандарттары талқыланатын семинарға мамандар мен сарапшыларды шақырамыз.

Семинар аясында төменде көрсетілген негізгі тақырыптар талқыланбақ:

- Қалааралық трассалар мен қалалық жолдарды күтіп-ұстау;

- Жолдарды күтіп-ұстаудағы жаңа материалдар мен технологиялар;

- Жолдарды күтіп-ұстау жөніндегі мемлекеттік сатып алу жұмыстары;

- Жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарының экологиялық әсерін азайту және декарбонизациялау;

Семинарға Жапония, Канада, Германия, Австрия, Франция, Италия, Оңтүстік Африка, Ұлыбритания, Бельгия, Австралия, Оңтүстік Кореядан келген сарапшылар мен мамандарды қатысады.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің, Қазақстан Республикасындағы PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығына тиесілі Ұлттық комитетінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «ҚазжолҒЗИ» АҚ қолдауымен ұйымдастырылады.

Жолдарды күтіп-ұстау бойынша әлемдік сарапшылар қауымдастығының бір бөлігі болу мен өз тәжірибеңізді халықаралық аренада көрсету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Тіркеу ашық түрде жүргізілетінін хабарлаймыз.

WhatsApp нөмірі бойынша тіркелу +7 701 196 9922

 

20 марта 2025
"ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ мемлекеттік қызметтер бойынша Семинар-кеңес

Астанада мемлекеттік қызметтер көрсету саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің, Автомобиль жолдары комитетінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның, сондай-ақ ұлттық компанияның облыстық филиалдарының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында 2024 жылғы жұмыстың қорытындылары, 2025 жылға арналған жоспарлар және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру шаралары қаралды. Қатысушылар ішкі бақылау тексерістерінің нәтижелерін, өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады.
Ерекше назар мемлекеттік қызметтерді уақытылы әрі сапалы көрсетуге бақылауды күшейту қажеттілігіне, «E-лицензиялау» порталы мен «Мониторинг» жүйесі сияқты жаңа цифрлық құралдарды енгізуге, сондай-ақ қызметкерлерге арналған тұрақты оқыту шараларын ұйымдастыруға аударылды. Сонымен қатар сыртқы жарнама объектілерін орналастыруды келісу және инженерлік коммуникацияларды жобалауға техникалық шарттар беру мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша Автомобиль жолдары комитетіне, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға және оның филиалдарына нақты тапсырмалар берілді. Басты басымдықтар – өтінімдерді өңдеу жылдамдығын арттыру, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту және ақпараттық ашықтықты күшейту.

14 марта 2025
Ашық нормативтік актілердің интернет-порталында орналасқаны туралы хабарлаймыз.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолының ақылы негізде пайдалану туралы «Облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа да инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кiрме жолдарды және облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру» бойынша  ашық нормативтік актілердің интернет-порталында орналасқаны туралы хабарлаймыз. 

03 марта 2025
Отандық өнімдердің үлесін кеңейту

️Астанада ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төраға орынбасары Мақсат Баяхметтің төрағалығымен кеңес өтті. Жиында жол-құрылыс материалдарын сатып алудағы отандық өнімдердің үлесін кеңейту мен қазақстандық өндірушілерді қолдауды күшейту талқыланды.

️Кеңеске «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «ЖАҰСО» ШЖҚ РМК, «ҚазжолҒЗИ» АҚ өкілдері, сондай-ақ жол белгілерін, таңбаларды, тосқауыл қоршауларын, жарықтандыру тіректерін, геосинтетиканы және жол инфрақұрылымының басқа да негізгі элементтерін өндіретін отандық компаниялардың қызметкерлері қатысты.

Сөз етілген кездесуде отандық өндіріс өнімдерін сатып алу көлемін ұлғайту, еліміздегі кәсіптер үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпкерлер арасындағы әріптестікті нығайту мәселелері қозғалды. Қатысушылар жол саласындағы ұлттық өндірісті дамыту — ел экономикасына қосатын үлес қана емес, сонымен қатар Қазақстанның көлік инфрақұрылымының сапасына, сенімділігіне және қауіпсіздігіне кепілдік екендігін атап өтті.

17 февраля 2025
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті конкурс жариялайды

 

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының тәуелсіз директорларын іріктеуге конкурс жариялайды, мекен – жайы: 010000 Астана  қаласы, Жекебатыр 35 үй;

«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы қызметінің мәні: салалық нормативтік-техникалық базаны реформалау және жаңарту, жаңа стандарттарды, автожол саласының цифрлық платформасын және жол-құрылыс материалдарының сапасын жақсарту мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша меншікті өнімдерін әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды іріктеу кезінде назарға алынады:

1) басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі;

2) Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесі;

3) ғылым, құрылыс, жол құрылысы, жол шаруашылығын басқару саласындағы жұмыс өтілі;

4) халықаралық сертификаттардың болуын қоса алғанда, ғылым, құрылыс, жол құрылысы, жол шаруашылығын басқару саласындағы білімі;

5) халықаралық сертификаттардың болуын қоса алғанда, ғылым, құрылыс, жол құрылысы, жол шаруашылығын басқару саласындағы құзыреттердің болуы;

6) тікелей немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болуы.

Конкурс «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының тәуелсіз директорларын конкурстық іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының 2025 жылғы 17 ақпандағы № 15 бұйрығының негізінде өткізіледі.  

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысан бойынша қатысу туралы өтініш;

2) кандидаттың түйіндемесі;

3) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;

7) оның құрылыс және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігін растайтын құжаттар (бар болса);

8) кандидат туралы мәліметтер;

9) «Тәуелсіз директор» сертификаттаудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).

Іріктеуге қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Іріктеуге қатысушы (кандидат) Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі - Құжаттар) конвертке «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ тәуелсіз директорына іріктеуге қатысу үшін «Кандидаттың материалдары___  (Т.А.Ә.) деген белгі қойып мөрлейді  және/ немесе Құжаттарды қолма-қол ұсынады/Комитетке хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша немесе «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ тәуелсіз директорына іріктеуге қатысу жөніндегі белгіні көрсете отырып, Комитеттің интернет ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаға жолдайды.

Іріктеуге қатысушы (кандидат) құжаттарды қолма-қол ұсынған кезде (немесе құжаттарды Комитетке жіберген кезде) осы конвертте қатысушының (кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке мөрленеді.

Іріктеуге қатысушы (кандидат) өтінімді құжаттармен бірге электрондық поштаға жіберген кезде іріктеуге қатысушы (кандидат) олардың дұрыстығына, сондай-ақ ұсынылатын құжаттардың сапалы бейнесіне жауапты болады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде, ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне, мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 504 кабинет, тел. 8(7172)799-846 немесе a.inkarbekova@transport.gov.kz электрондық мекенжайына тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған соң он жұмыс күні ішінде, ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінде, мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 704/709 кабинет, әңгімелесуден өтеді.

 

 

«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ

тәуелсіз директорлар кандидаттарына

қойылатын біліктілік талаптары

 

 

  1. Қоғамның Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор болып сайлану үшін кандидат мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

 

  1. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20-тармағына сәйкес тәуелсіз директор мәртебесіне сәйкес келеді, оның ішінде:

1) Қоғамның үлестес тұлғасы болып табылмайды және ол Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы 3 (үш) жыл бойы (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда) болып табылмайды;

2) Қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайды;

3) Қоғамның лауазымды тұлғалармен немесе Қоғамның аффилиирленген тұлғаларымен бағыныстылықпен байланысты емес және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі 3 (үш) жыл ішінде осы тұлғалармен бағыныстылықпен байланысты емес;

4) мемлекеттік қызметші болып табылмайды;

5) Қоғамның аудиторы болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі 3 (үш) жыл бойы болып табылмайды;

6) аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғамның аудитіне қатыспаған және Директорлар кеңесіне сайлануының алдындағы 3 (үш) жыл бойы мұндай аудитке қатыспаған.

  1. Халықаралық сертификаттардың немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімнің болуын қоса алғанда, жоғары білімі (және/немесе «магистр» дәрежесі) бар. Өзге де тең жағдайларда Қоғамның негізгі қызметіне сәйкес келетін салада немесе қаржы немесе басқару (менеджмент) саласында білімі бар кандидаттарға артықшылық берілуі тиіс.
  2. Компанияларда жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде: Ұйымның тиісті бейінінде экономикалық қызмет түріндегі мамандық бойынша жұмыс өтілі немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 15 жыл, оның ішінде жеке секторда, қаржылық есептілікті дайындау, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау саласында, компанияларда жұмыс тәжірибесі бар, құрылыс саласында және/немесе листингілік/қоғамдық компанияларда жұмыс тәжірибесі бар, Директорлар кеңесі мүшесінің позициясында және басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл мерзімге Қоғамның негізгі қызметіне сәйкес келеді.
  3. Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Қоғамның дамуына елеулі үлес қосатын корпоративтік басқарудың озық тәжірибелерін енгізу, компания қызметінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі бар.
  4. Тәуелсіз директордың функционалдық міндеттеріне, Директорлар кеңесінің комитеттеріне мүшелікке байланысты белгілі бір салаларда арнайы дағдылары бар, жеткілікті дамыған коммуникативтік дағдылары бар, жұмыста ашықтық, объективтілік, конструктивтілік және кәсібилік қағидаттарына негізделеді.
  5. Қоғаммен жасалатын операциялардың көлемі мен сипатына ұқсас, бірақ ұйымға тән негізгі мәселелер туралы жалпы ақпаратқа ие болуы керек, оның ішінде түсінігін көрсетуі керек:

1) реттеушілік міндеттемелер;

2) ұлттық және халықаралық нарықтардағы бәсекелестік орта;

3) Қоғамның Директорлар кеңесінің тиісті комитетіне мүшелік кезінде сараптамалық пікірді қамтамасыз ету үшін корпоративтік қаржы, аудит және ішкі бақылау, стратегия және/немесе тағайындау және/немесе сыйақы мәселелері саласындағы ерекшеліктер.

  1. Ұсынылған ақпаратты жан-жақты талдауға және объективті бағалауға және заңдылық, әділеттілік және барлық акционерлерге тең көзқарас қағидаттары негізінде мәселе бойынша тәуелсіз ұстанымды қалыптастыруға қабілетті. Үміткер көпшіліктің пікірінен өзгеше болса да, өз пікірін білдіруге және оны ұстануға қабілетті.
  2. Іскерлік және/немесе салалық ортада мінсіз беделге/оң жетістіктерге ие, жоғары этикалық нормаларды ұстанады. Кандидаттың өмірбаянында экономикалық қызмет саласында қылмыс жасау, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілері жоқ.
  3. Директорлар кеңесінің жұмысына қатысу үшін Директорлар кеңесінің отырыстары кезінде ғана емес, сонымен қатар Директорлар кеңесінің отырыстарына материалдарды тиісінше зерделеу үшін жеткілікті уақыт бар.
  4. Тікелей немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болмауы.
  5. Басқа компаниялардың 4 (төрт) астам директорлар кеңесінің мүшесі бола алмайды.

 

  1. Тәуелсіз директорға кандидат бола алмайды:
  2. Бұрын мәжбүрлеп тарату немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің төрағасы, бірінші басшысы (басқарма төрағасы), басшысының орынбасары, бас бухгалтері лауазымын атқарған тұлға. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады.
  3. Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлға.
  4. Директорлар Кеңесінде жұмыс істеуден басқа, акцияларға иелік ететін акционерлермен, Басқарма мүшелерімен Қоғаммен қандай да бір қатынастармен байланысты тұлға.
  5. Бәсекелес ұйымның лауазымды тұлғасы немесе қызметкері болып табылатын тұлға.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтінім

 

Осымен «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне тәуелсіз директор ретінде сайлануға өз келісімімді растаймын. Сондай-ақ, мен «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ үлестес тұлғасы болып табылмайтынымды және соңғы үш жыл ішінде үдлестес тұлға болып табылмағанымды, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтынымды және олардың лауазымды тұлғаларымен – «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ үлестес тұлғаларымен бағыныстылығымен байланысты емес екенімді растаймын; мемлекеттік қызметші болып табылмаймын; осы «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ аудиторы болып табылмаймын және соңғы үш жыл ішінде аудиторы болып табылмадым, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде аудитке қатыспадым және соңғы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспадым.

 

____________(қолы)

____________ (аты-жөні)

Күні

«_____» ________ 202___ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              

 

 

 

«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» тәуелсіз директоры лауазымына кандидат туралы мәліметтер

 

1.Жалпы мәліметтер

 

Тегі, аты, әкесінің аты

 

Туған күні мен жері

 

Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірі

 

Азаматтығы

 

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

 

 

  1. Үлестестігі туралы мәліметтер:

 

Жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы (зайыбы), ағасы, әпкесі, балалары), сондай-ақ жекжаттары (ағасы, әпкесі, ата-анасы, жұбайының (зайыбының) балалары) туралы мәліметтер 

 

Аты-жөні

Туған күні, айы, жылы

Туыстық қатынастар

Жұмыс орны, лауазымы

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

4

 

 

 

 

5

 

 

 

 

6

 

 

 

 

7

 

 

 

 

 

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысу туралы мәліметтер:

 

Заңды тұлғаның атауы, БСН

Қызмет түрлері

Жарғылық капиталдағы сома мен үлестер

1

 

 

 

2

 

 

 

 

  1. Кәсіби деректер

 

Білімі, оның ішінде жұмыс бейініне сәйкес келетін кәсіптік білім

 

Қосымша білім, оның ішінде жұмыс істейтін салада біліктілікті арттыру курстары, ғылыми дәрежелер

 

Қаржы қызметтерін ұсыну және (немесе) реттеу саласындағы, оның ішінде жұмыс істеуге ниетті саладағы жұмыс тәжірибесі

(ішкі аудит қызметінің басшылары, бас бухгалтерлер толтырады)

 

(қаржы ұйымдарында жұмыс істеген жылдар санын, қызмет түрлері бойынша аудитор, бухгалтер лауазымында болуын көрсету)

Жұмыс істеуге ниет білдірген саладағы басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі

 

(бар жұмыс тәжірибесін сипаттау: лауазымдық міндеттері, кәсіби дағдылары)

Директорлар кеңесі құрамындағы жұмыс тәжірибесі

 

Тілдерді білуі

 

Қоғам қызметінің бейініне ұқсас бизнесті білу

 

Шетелдегі жұмыс тәжірибесі

 

Тәуелсіз директордың жұмысына уақыт бөлу мүмкіндігі

 

Листингтен өткен/ өтетін компаниялардағы жұмыс тәжірибесі

 

Директорлар кеңесінің комитетін басқару мүмкіндігі

 

Жетістіктері

 

Кәсіби ұйымдарға мүшелілігі

 

Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат

 

 

  1. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

 

Жұмыс кезеңі

 (айы, жылы)

Ұйымның атауы, атқаратын лауазымдары мен лауазымдық міндеттері, ұйымның координаттары

1

 

 

2

 

 

3

 

 

4

 

 

5

 

 

6

 

 

7

 

 

 

  1. Басқа мәліметтер:

 

Экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстар үшін, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар үшін Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы

 

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттету туралы деректердің болуы

 

Бұрын банкрот деп танылған немесе оған қатысты акцияларды мәжбүрлеп тарату, консервациялау, мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған ұйымның басшы қызметкері болуы

 

Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат

 

 Мен, _________________________, мен осы ақпараттың мұқият тексерілгенін және шынайы және толық екенін растаймын және мен ұсынған дұрыс емес мәліметтердің болуы менің тағайындауыма (сайлануыма) келісімді қайта қарау (кері қайтарып алу) үшін негіз болып табылатынын мойындаймын.

 

(қолы, күні)

30 января 2025
Women in Transport Network (WiT) атты конференция өтті

Бүгін алғаш рет Стамбул қаласында Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың көлік саласында қызмет ететін нәзік жандыларды қолдауға бағытталған Women in Transport Network (WiT) атты конференция өтті. Іс-шараға халықаралық ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар мен бизнес өкілдері қатысты. Аталған іс-шараға Автомобиль жолдары комитетінің төрағасының орынбасары Анар Ғабдуллина қатысты.
WiT — Дүниежүзілік банк, Халықаралық қайта құру және даму банкі мен өзге де серіктестер қолдайтын жаһандық бастама. Оның мақсаты — көлік саласындағы нәзік жандылардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ оларды басшылық және техникалық лауазымдарға тарту.
«Көлік саласының дамуы әйелдердің қатысуынсыз мүмкін емес. Қазақстан нәзік жандыларға арналған мүмкіндіктерді кеңейтетін бастамаларды қолдайды. Біз әйелдердің маңызды лауазымдарды, соның ішінде инженерлік және басқарушылық құрылымдарды иеленіп жатқанын көріп жүрміз», — деп Анар Ғабдуллина конференция барысында атап өтті.
Конференция шеңберінде инклюзивтілік пен тең мүмкіндіктер саласындағы тенденциялар, қиындықтар мен үздік тәжірибелер талқыланып, сөз етілген саладағы әйелдердің қатысуының өсуін растайтын зерттеулер ұсынылды.

20 января 2025
Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша дөңгелек үстел

"Егемен Қазақстан" республикалық газетінің алаңында автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр Қазақстандағы көлік инфрақұрылымы мен Республикалық маңызы бар жолдарды дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Іс-шараға Парламент депутаттары, Көлік министрлігінің қызметкерлері, ҚазжолҒЗИ өкілдері, қоғам қайраткерлері мен журналистер қатысты.

Қатысушылар ұтқырлық пен экономикалық өсуді арттыру үшін негіз ретінде Республикалық маңызы бар магистральдардың жай-күйін жақсарту мен дамытуды қоса алғанда, жол желісін жаңғыртудың түйінді сын-тегеуріндері мен перспективаларын талқылады.

28 ноября 2024
«KAZTRAFFIC-2024» барысында еліміздің жол инфраққрылымын даму жолыңда атқарған еңбегі үшін жолшылар марапатталды

ХХ халықаралық «KAZTRAFFIC-2024» көрмесі аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Анар Ғабдуллина елдегі жол инфрақұрылымын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығы Ұлттық комитетінің төс белгісімен және Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар аталған іс-шара шеңберінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев, «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Арман Алибаева, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Болатбек Айтбаев пен еліміздегі жетекші жол-құрылыс компанияларының басшылары марапатталды.

PIARC төс белгісі мен Құрмет грамотасы марапатқа қатыса алмаған қр Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллинге де берілді.

Марапаттау рәсімі PIARC Бас хатшысының орынбасары Мигель Касо Флорес пен Қазақстандағы PIARC Ұлттық комитетінің төрағасы Берік Камалиевтің қатысуымен өтті.

Сондай-ақ көрме шеңберінде Қазақстандағы PIARC Ұлттық комитеті мен KROAD қауымдастығы арасында келісімге қол қойылды.

Дүниежүзілік жол қауымдастығы (PIARC) — автомобиль көлігі мен жол инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ озық технологияларды ілгерілетуге және жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған 120-дан астам елді біріктіретін халықаралық, яғни коммерциялық емес ұйым болып табылады.

 

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы