Депутаттар Риддер қаласында жолдарды қысқы күтіп ұстау және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бойынша проблемалық мәселелерді талқылады

Депутаттар Риддер қаласында жолдарды қысқы күтіп ұстау және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бойынша проблемалық мәселелерді талқылады

Талқылау барысында жауапты атқарушы органдарға жолдарды қысқы күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қайта қарауға қатысты бірқатар ұсыныстар берілді. Бірінші кезекте депутаттар жолдарды қардан уақтылы тазартудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ тағы да көктайғаққа қарсы материалдарды (тұзды) қолдануды ұсынды.


Сондай-ақ, депутаттардың назарына Риддер қаласындағы жолаушылар тасымалының жай-күйі туралы және ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында өткізу жоспарланып отырған жолаушылар тасымалдаушыларын айқындау жөніндегі конкурстық рәсімдер туралы ақпарат жеткізілді.