Қалалық мәслихат депутаттары Риддер қаласының Бас жоспары жобасын талқылауға қатысты.

Қалалық мәслихат депутаттары Риддер қаласының Бас жоспары жобасын талқылауға қатысты.

     Жоба авторлары заңнамалық өзгерістердің бас жоспарларды әзірлеу және бекіту процесіне бірқатар маңызды рәсімдер мен келісу кезеңдерін, сондай-ақ цифрландыру элементін енгізгенін атап өтті: бекітілгеннен кейін қала үшін аса маңызды бұл құжат арнайы интернет-порталда цифрлық форматта қолжетімді болады. Сонымен қатар, бұл талқылаулардың алғашқы кезеңі емес екені және жобалық ұйым қызметкерлерінің жұртшылық тарапынан түсетін пікірлер мен ұсыныстарды құптайтыны айтылды, өйткені олар құжаттың өзектілігі мен заман талабына сай болуын қамтамасыз етуге көмектеседі.
   Ұсынылып отырған бас жоспардың негізгі бағыттарына қаланың инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту, көше-жол желісін оңтайландыру, тұрғын үй құрылысына арналған жаңа аймақтарды белгілеу және қаланың өнеркәсіптік орталық ретінде даму дәстүрін жалғастыру кіреді; бұл ретте, әрине, экологиялық мәселелерге басымдық беріліп, туризм саласына ерекше назар аударылады.