Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
Сегізінші шақырылған Риддер қалалық мәслихатының қырқыншы кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 19 маусымда сағат 11.00-де әкімдік мәжіліс залында шақырылсын.
Сессияның қарауына мынадай мәселе енгізілсін:
1. Мәслихаттың 2025 жылғы 28 қарашадағы № 32/5-VIII «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне прокурордың наразылығын қарау туралы.
Отырысты отырып, дайындауға жауапты адам: Александра Михайловна Козина (телефоны: 8 (72336) 7 81 88, электрондық пошта мекенжайы: k.maslikhat@akimvko.gov.kz)