
Мерекелеу аясында Шәкәрім Сабырұлы салтанатты іс-шараларға қатысып, қала тұрғындарын осынау айтулы күнмен жылы лебізбен құттықтады.
Өз сөзінде сенатор Риддердің бай тарихын, оның бірегей өнеркәсіптік әлеуетін және ең бастысы — өңірдің дамуына күн сайын өз үлестерін қосып жүрген еңбекқор тұрғындарын атап өтті.
Сондай-ақ Шәкәрім Бұқтұғұтов құрметті миссияны орындап, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечинаның атынан ресми құттықтау хатты оқып берді:
Құрметті Риддер тұрғындары!
Сіздерді айтулы дата — даңқты қаланың 240 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Риддер — тағдыры ерекше қала. Бұл — кеншілер мен металлургтердің, ғалымдар мен педагогтардың, спортшылар мен шығармашылық зиялы қауымның қаласы. Қандай заман болмасын, қиындықтарды жеңе білген, өз дәстүрлерін қастерлеп сақтап, болашаққа сеніммен көз тіккен рухы мықты адамдардың қаласы.
Риддердің тарихы жарқын оқиғалар мен маңызды жетістіктерге бай. Шығыс Қазақстан аумағында біздің бабаларымыз мыңдаған жылдар бойы кен өндіріп, бағалы металдарды балқытқан, әшекей бұйымдар жасаған. 1786 жылы Филипп Риддер Батыс Алтайдың тау беткейлерінен полиметалл кендерінің ең бай кен орнын ашып, осы жайтты дәлелдеді және кейіннен өзімен аттас кенттің негізіне айналған Риддер кенішінің іргетасын қалады.
1939-1941 жылдар аралығында бұл жерде Риддер кенішінің директоры болып қазақ халқының біртуар перзенті — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қызмет атқарды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында қала майданды қорғасынмен, мырышпен және басқа да полиметалдармен қамтамасыз етіп отырды.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының батырлары Виталий Безголосыйдың, Төлеген Тоқтаровтың және басқалардың есімдері тарихқа мәңгілікке жазылды. Бейбіт уақытта қала тұрғындары Бикен Айдарханов пен Клавдия Семенова Еңбек Ерлері атанды. Олардың есімдері қала көшелеріне берілген.
Дәл осы жерде қаланың даңқын ел шекарасынан тыс жерлерге танытқан ауқымды халықаралық және республикалық іс-шаралар өтті. Мұнда Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен отандық журналистика тарихындағы маңызды бетбұрысқа айналған «Еуразия сақинасы» жас журналистердің халықаралық байқауы ұйымдастырылды. Содан бері 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні ретінде атап өтіледі.
Осы кезеңде қалаға оның бай өткенімен және өзіндік мінезімен тығыз байланысты тарихи атауы — Риддер қайтарылды. 2004 жыл қала шежіресіне ерекше парақ болып енді. Шығыс Қазақстан облысының тарихында тұңғыш рет дәл Риддер қаласына Қазақстан Республикасы оқушыларының 1-ші Қысқы Спартакиадасын қабылдау мәртебелі міндеті сеніп тапсырылды. Бұл қаланың жоғары ұйымдастырушылық әлеуетін, дамыған спорттық инфрақұрылымын және көпжылдық спорттық дәстүрлерін танудың белгісі болды.
Сол жылы Риддер полицияның тірек пункттері жұмысын ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының үлгілі қаласы деп танылып, қоғамдық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін және өз тұрғындары алдындағы жауапкершілігін дәлелдеді.
Алайда, Риддердің басты байлығы — әрқашан өз туған өлкесіне шын жүректен берілген, еңбекқор, талантты адамдары болды және болып қала береді.
Сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің, кәсібиліктеріңіздің, жауапкершіліктеріңіз бен туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіздің арқасында қала дамып, заманауи, жайлы әрі өмір сүруге тартымды болып келеді.
Бүгінде Риддер жасампаздық жолын сенімді түрде жалғастыруда. Жаңа жобалар жүзеге асырылып, әлеуметтік инфрақұрылым дамуда, жастар, спорт, мәдениет және кәсіпкерлік үшін барлық жағдайлар жасалуда. Қаланы алда жаңа жетістіктер, жаңа жеңістер мен табысты күндер күтіп тұрғанына ешқандай күмән жоқ. Осы мерекелік күні әр шаңыраққа бейбітшілік пен бақ-береке, әр отбасына бақыт пен ырыс, әрбір тұрғынға мықты денсаулық, ертеңгі күнге сенімділік және ең ізгі үміттердің орындалуын тілеймін.
Қала көшелерінде әрқашан балалардың сыңғырлаған күлкісі естіліп, тұрғындардың жүрегінде туған жеріне деген мақтаныш сезімі ұяласын.
Мерекелеріңізбен, қымбатты риддерліктер!
Посмотреть эту публикацию в Instagram