И.И. Панченкоға «Риддер қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы

И.И. Панченкоға «Риддер қаласының  құрметті азаматы» атағын беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес және Д.Е. Рахметқалиев қала әкімінің ұсынысы негізінде, Риддер қалалық мәслихатының шешімімен атақ берілді.

Игорь Иванович -  біздің қаламыздың тумасы, оның бүкіл кәсіби және қоғамдық өмірі Риддер қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының дамуымен тығыз байланысты. Жоғары техникалық және басқару білімі бар (Қазақ политехникалық институты мен Халықаралық бизнес академиясынан) Лениногор полиметалл комбинатының Мырыш зауытында электромонтер және цех слесарі қызметінен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты қызметіне дейін көтерілді.

И.И. Панченко жергілікті мемлекеттік басқаруды дамытуға зор үлес қосты. Қалалық мәслихаттың IV, V, VI шақырылымдарының депутаты болып сайланды. 2012 жылдың қаңтар айынан 2021 жылдың қаңтарына дейін Игорь Иванович Риддер қалалық мәслихатының хатшысы қызметін атқарды. Оның жетекшілігімен қаланың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге, инфрақұрылымды жаңғыртуға, тұрғындардың мүдделерін қорғауға бағытталған депутаттық корпустың нәтижелі жұмысы құрылды.

Оның кәсіби шеберлігі мен адалдығы жоғары деңгейде бағаланды: ол мемлекеттік сый-құрметтің - «Ерен еңбегі үшін» медалінің (2021) иегері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Құрмет грамоталарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

Осы жылдар ішінде Игорь Иванович өзін жігерлі, принципшіл, білікті  әрі білімді басшы ретінде көрсете білді. Ол қиын жағдайда ымыраға келу қабілетімен және тұрғындардың игілігі үшін жұмыс істеуге деген шынайы ниетімен ерекшеленеді. Мәжіліс депутаты өкіеттігі аяқталғаннан кейін де (2023 жылдың қаңтары) 2025 жылдың қаңтарынан бастап Риддер қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі қызметін атқарып, қоғамдық өмірге белсенділік танытып келеді.

«Құрметті азамат» куәлігі мен лентасы Риддер қаласының 240 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шаралар аясында табыс етілді.