
«Сіздің дер кезінде назар аударып, азаматтардың өтініштеріне ұқыпты қарауыңыздың және жеке қатысуыңыздың арқасында мәселе жедел әрі тиімді шешілді.
Әсіресе, Сіздің ақкөңілділігіңізді, жауапкершілігіңіз бен халықтың үніне құлақ түруге дайын екеніңізді ерекше атап өткіміз келеді. Күрделі жағдайда Сіз халық үшін маңызды мәселеден шет қалмай, тұрғындар мүддесінің шынайы өкілі ретінде өзіңізді көрсете білдіңіз.
Сіздің құрғақ уәдемен немесе ресми жауаптармен шектелмей, іс жүзінде көмектесуге және нәтижеге қол жеткізуге ұмтылатыныңыз біз үшін өте құнды. Бетарап қалмау, диалогқа ашықтық және округ тұрғындарының игілігіне деген қамқорлық сияқты қасиеттеріңіз шынайы құрмет пен сенім ұялатады».