«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату ережесінің 3-тармағының 4-бөлігіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабына сәйкес қоғамдық тыңдаулар өткізілуінің міндетті шартымен сәйкесінше шешім қабылдайды.
Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Алпысова ұсынған материалдар негізінде Риддер қалалық мәслихаты мүлікті жекешелендіру мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізетінін хабарлайды: «Шығыс Қазақстан облысы Бутаково ауылы маңындағы Республикалық А-9 автожолының учаскесін интернетпен және байланыспен қамтамасыз ету үшін биіктігі 45 метрлік антенналық тірек құрылымын салу».
Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 15 мамырда сағат 10.00-де Риддер қаласы, Семенова көшесі, 19-үй мекенжайы бойынша Риддер қаласы әкімдігінің мәжіліс залында (3-қабат) өтеді.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 09.30-дан басталады.