Риддер қалалық мәслихатының депутаттары «АМАNАТ» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс XXXVI конференциясына қатысты

Риддер қалалық мәслихатының депутаттары «АМАNАТ» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс XXXVI конференциясына қатысты

Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіліп, талқыланды:
1. «АМАNАТ» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша облыстық Жол картасын іске асыру барысы туралы.
2. «АМАNАТ» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасын сайлау туралы.
3. «АМАNАТ» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы.
4. Партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Бақылау-тексеру комиссиясын сайлау туралы.
Отырысқа қатысушылар жұмыстың аралық нәтижелерін қорытындылап, өңірлік іс-шараларды одан әрі дамытудың бағыттарын белгіледі.
Сонымен қатар, шара барысында Жанат Мекеева «АМАNАТ» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы болып бірауыздан сайланды.
Конференцияға қатысушылар партия қызметінің ашықтығын арттыру және сайлауалды үгіт-насихаттарының орындалуына бақылауды күшейту шараларын да талқылады. Жұмыс конструктивті түрде жүріп, партия мен облыс тұрғындарының сапалық жаңарған байланысының негізін қалады.