Сайлаушылармен кездесулер жүргізу барысында депутаттар Риддер қаласы мен еліміздің орталық аймақтары арасындағы теміржол қатынасының жеткіліксіздігіне қатысты азаматтардан үнемі сауалдар алып отырады. Бұл мәселе әлеуметтік желіде де азаматтар тарапынан үнемі көтеріліп келеді. Орталық мемлекеттік органдар Өскемен қ.– Риддер қ. бағыты бойынша теміржол қатынасының қысқаруының негізгі себебі ретінде жолаушылар ағынының төмендігін, соған сәйкес, бағыттардың тиімді еместігін алға тартады. Риддер қаласының тұрғындары өз кезегінде жолаушылар тасымалының теріс статистикасының болуын маршруттарды қысқарту туралы шешім қабылданған кезеңде жолаушылар билеттерін сату мен кассаның жалпы жұмысына жеткілікті түрде қадағалау болмаумен байланыстырады.