
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сағтағанов Нұрымбет Аманұлы Риддер қаласына жұмыс сапарымен келіп, қала активімен кездесу өткізді. Актив отырысында өткен жылдың негізгі қорытындылары мен алдағы дамудың басым бағыттары талқыланды.
2025 жылдың әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртудағы маңызды кезең болғаны атап өтілді. Жүзеге асырылып жатқан жобалар білім беру және денсаулық сақтау салаларында қолайлы жағдайлар қалыптастыра отырып, риддерліктердің өмір сүру сапасын тікелей арттыруда.
Сондай-ақ, тұрақты әрі қауіпсіз қыс мезгілін қамтамасыз ету үшін ерекше маңызға ие жылумен қамту мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Қаланы дамыту жұмыстары жалғасуда. Әрбір іске асырылып жатқан жоба Риддерді тұрғындар мен қонақтар үшін неғұрлым жайлы, тұрақты әрі болашағы зор қалаға айналдыруға үлес қосуда.