2025 жылдың 1 сәуірінде Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді

2025 жылдың 1 сәуірінде Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді

        Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ-нің спорт резерві мен жоғары дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеу және даярлау саласындағы қызметінің тиімділігіне аудит іс-шарасы шеңберінде тиімділік және сәйкестік аудиті жүргізілді.

        Мемлекеттік аудитпен «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ-сі және 11 мемлекеттік мекеме мен 2 кәсіпорын қамтылды.

       Аудиторлық іс-шара нәтижесімен анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы 607 512,2 мың теңгені құрады, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар сомасы 256 904,4 мың теңге, оның ішінде:

- өтелуге жататыны 215 515,6 мың теңге, оның ішінде Тексеру комиссиясының отырысына дейін өтелгені 5 754,1 мың теңге;

- қалпына келтіруге жататыны 41 388,8 мың теңге, оның ішінде Тексеру комиссиясының отырысына дейін қалпына келтірілгені 22 162,8 мың теңге;

2) тиімсіз пайдаланған бюджет қаражаты -  336 821,0 мың теңге; 

3) тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты - 13 786,8 мың теңге;

4) анықталған рәсімдік бұзушылықтардың жалпы саны - 29 бірлік;

5) жүйелік проблемалар мен кемшіліктер - 11 бірлік.

        Аудиторлық іс-шара барысында қызметкерлерге негізсіз еңбекақылар, қосымша ақылар, іссапар шығындары, бюджеттік бағдарламанын тікелей нәтиже көрсеткіштеріне толық қол жеткізбеу, шарттық міндеттемелерді орындау бөлігінде сонымен бірге, жүйелік кемшіліктердің болуы, тиімсіз орындалуын, бюджет қаражаты мен мемлекеттік мүлікті тиімсіз басқару бойынша  бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

        Жол берілген бұзушылықтардың негізгі себептері ішкі бақылаудың тиісті жүйесінің болмауы, нормативтік құқықтық актілердің сақталмауы болды.

        Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде өткен отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті нұсқамалар мен ұсынымдар жолданады.