Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2024-2025 жылдарға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығына мемлекеттік аудит жүргізілді.
Мемлекеттік аудитпен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ-сі, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жамбыл, Жуалы, Қордай, Сарысу аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары қамтылды және «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-сі бойынша үстеме тексеру жүргізілді.
2022-2024 жылдар аралығындағы жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығына жүргізілген мемлекеттік аудит бойынша анықталғаны:
Анықталған бұзушылықтардың негізгі себептері Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесінің «дәйектілік» және «негізділік» принциптері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексінің салық салудың айқындылық қағидаты жекелеген жағдайларда сақталмауынан орын алған.
Ағымдағы жылдың 28 ақпанында өткен отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы тарапынан қаулы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар жіберілді.