2024 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді

2024 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді

1) Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес «Мойынқұм ауданының жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит» іс-шарасы шеңберінде бір мемлекеттік аудит объектісінде қаржылық есептілік аудиті және  он сегіз мемлекеттік аудит объектісінде үстеме тексеру жүргізілді.

Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджетттік бағдарлама әкімшісі бойынша 2023 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудиті барысында Қазақстан Республиксының Бюджет Кодексінің, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптары сақталмай, жалпы сомасы 9 731,2 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қалпына келтіруге жататыны 7 794,2 млн. теңге, аудит барысында 1 457,9 млн. теңге қалпына келтірілген.

Мемлекеттік аудит іс-шарасы шеңберінде Мойынқұм ауданының 19 мемлекеттік мекемесінің жауапты лауазымды тұлғаларға әкімшілік іс материалдарын қарау және шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік департаменті жолданды.

Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 2023 жылға жасалған шоғырландырылған қаржылық есептілігінде жосықсыз әрекеттермен немесе қателікпен туындаған елеулі бұрмалаулардың болуын негізге алып, Әкімшінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша ескертумен пікір білдіріледі.

2) Сонымен қатар, Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес «Өңірде Арт-спорт бағдарламасын іске асырудың тиімділігіне сараптамалық-талдау іс-шарасы» жүргізілді. Іс-шара аясында жалпы орта білім беру оқушыларына қосымша білім беруді ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын талданды, сондай-ақ осы бағыттағы жұмыс бойынша әлемдік тәжірибе зерделенді және Арт Спорт бағдарламасын іске асырудың нәтижелері талданды.

Сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу барысында бірқатар проблемалар анықталды, олар:

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бекіткен бюджеттік бағдарламаларда бюджеттік бағдарламаның қысқаша сипаттамасы және оны іске асырудың бюджеттік бағдарламаның мақсатына және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге әсерін бағалау көрсетілмеген;

Бұдан басқа, бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді сандық өлшейтін бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері көрсетілмеген. Сондықтан, шығармашылық тапсырысты қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың жоспарланған және түпкілікті әсерін анықтау мүмкін болмады. Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында қосымша білім беруді дамыту бойынша көрсеткіштер көзделмеген;

Онлайн-платформа «Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесімен толық көлемде интеграцияланбаған, онда операторлардың балалардың басқа қосымша білім беру мекемелеріне баруына мониторинг жүргізу мүмкіндігі берілмеген;

Сондай-ақ, қазіргі уақытта информатика (бағдарламалау), қаржылық сауаттылықты оқыту, сәулет және құрылыс, механика және т. б. сияқты сұранысқа ие бағыттар бойынша зияткерлік қабілеттерді дамыту үшін әлеуметтік жоба бағыттарының тізбесін кеңейту мүмкіндігін қарастыру туралы,   операторларға жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, әлеуметтік тапсырыс орналастырылған ұйымға бару арқылы жоспарлы мониторинг жүргізу жөнінде ұсыныстар берілді.

Қорытынды мен ұсынымдар Жамбыл облыстық мәслихатына, Жамбыл облысы әкімі аппаратына,  «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт  басқармасы» КММ-не, «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» КММ-не жолданды, сондай-ақ, спорт және шығармашылық тапсырыстар арқылы спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерде балалардың сабақтарын жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарды тиісті орталық атқарушы органдарға жіберу тапсырылды.

Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында өткен отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы қаулылар қабылдады, аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар жіберілді.