Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Сарысу ауданның жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша 1 мемлекеттік мекемеге және тапсырылған қаржылық есептілігінің және баланс валютасы шоғырландырылған баланс валютасындағы үлесі жоғары келесі мекемелерде атап айтқанда, «Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, «Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қаржылық есептілігінің анықтығы мен негізділігін, бухгалтерлік есебінің дұрыстығына үстеме тексеру жүргізілді.
Мемлекеттік аудит бойынша Сарысу ауданы бойынша 26 мемлекеттік мекемелерінің қаржылық есептілігінен жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік қалыптастыру барысында бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған қаржылық есептіліктерінің ұқсас баптарын жолма - жол қосу барысында жалпы сомасы 11 579 467,6 мың теңгені құрайтын қаржылық есептіліктің бұрмалануына жол берілген және рәсімдік бұзушылықтардың жалпы саны – 10 бірлік.
Аудиторлық іс-шара барысында қызметкерлерге бюджеттік бағдарламанын тікелей нәтиже көрсеткіштеріне толық қол жеткізбеу, шарттық міндеттемелерді орындау бөлігінде сонымен бірге, жүйелік кемшіліктердің болуы, бюджет қаражаты мен мемлекеттік мүлікті басқару бойынша бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Жол берілген бұзушылықтардың негізгі себептері нормативтік құқықтық актілердің сақталмауы болды.
Аталған аудиторлық іс-шара Тексеру комиссиясының мүшесі Б.Қ.Дүрімбетовтің басшылығымен жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында өткен отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы қаулы қабылдады, аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар жіберілді.