Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2024 жылға арналған тізбесіне сәйкес Жергілікті деңгейде ішкі және жастар саясатын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Аудиторлық іс-шарасы шеңберінде 6 мемлекеттік мекемесіне тиімділік және сәйкестік аудиті және 1 Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер бойынша 1 серіктестік үстеме тексерумен қамтылды.
Аудиторлық іс-шарамен жалпы сомасы – 6 807 249,2 мың теңге бюджет қаражат қамтылып, нәтижесінде жалпы сомасы – 365 340,3 мың теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар сомасы 128 317,2 мың теңгені құраса, оның ішінде: өтелуге жататыны 18 604,8 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны 109 712,4 мың теңге. Тексеру комиссиясының отырысына дейін қаржылық бұзушылықтардың өтелгені 8 607,5 мың теңге, қалпына келтірілгені 67 292,0 мың теңге немесе 58,9 %;
2) бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану– 236 492,8 мың теңге;
3) ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда-530,2 мың теңге;
4) рәсімдік бұзушылықтар- 48 бірлік.
Тексеру комиссиясының отырысына дейін өтелуге жататыны 18 604,8 мың теңгенің 8 607,5 мың теңгесі өндірілді, қалпына келтіруге жататын 109 712,4 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтардың 67 292,0 мың теңгесі қалпына келтірілді.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 24 материал уәкілетті органдарға: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті » РММ-не 19 материал, «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» КММ-не 4 материал, «Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне 1 материал жолданды.