Пресс-релиз

Пресс-релиз

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2022 жылға арналған тізбесіне сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ-нің қызметіне тиімділік аудиті жүргізілді.

Мемлекеттік аудитпен 36 аудит объектісінің 10 бюджеттік бағдарламалары бойынша 16 996 529,3 мың теңге қамтылып, нәтижесінде 1 569 063,2 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде:

  • қаржылық бұзушылықтар - 768 832,8 мың теңге;
  • тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты - 458,0 мың теңге;
  • тиімсіз пайдаланған бюджет қаражаты - 609 949,8 мың теңге; 
  • ықтимал шығындар мен жоғалған пайда – 189 822,6 мың теңге;
  • анықталған рәсімдік бұзушылықтардың жалпы саны - 192 бірлік;
  • жүйелік проблемалар мен кемшіліктер - 16 бірлік.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың ішінде қалпына келтіруге жататыны 249 480,8 мың теңге, өтелуге жататыны 519 352,0 мың теңге.

Аудиторлық іс-шара барысында қызметкерлерге негізсіз еңбекақылар, сауықтыру жәрдемақылары, іссапар шығындары, сыйақылар артық төлеу, әлеуетті өнім берушілерге қосылған құн салықтарын төлеу, бюджеттік бағдарламанын тікелей нәтиже көрсеткіштеріне толық қол жеткізбеу, шарттық міндеттемелерді орындау бөлігінде бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Сонымен қатар, аудит объектілерінің қызметінде жүйелік кемшіліктер, құрылтай құжаттарымен және заңнамамен жүктелген функциялар мен міндеттердің тиімсіз орындалуы, бюджет қаражатты мен мемлекеттік мүлікті тиімсіз басқару анықталды.

Жол берілген бұзушылықтардың негізгі себептері ішкі бақылаудың тиісті жүйесінің болмауы, нормативтік құқықтық актілердің сақталмауы болды.

Аталған аудиторлық іс-шара Тексеру комиссиясының мүшесі А. Шаймерденовтың басшылығымен жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 15 наурызында өткен отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы қаулы қабылдады, аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар жіберілді.