
Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес жүргізілген «Өңірде проблемалық аяқталмаған жобалар және мемлекеттік меншікке берілмеген объектілерге талдау жүргізу», «Халықты жұмыспен қамтуды арттыру бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асырудың тиімділігін талдау және бағалау» және «Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының іске асырылу тиімділігі» сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытынды отырыс өткізілді.
1) «Өңірде проблемалық аяқталмаған жобалар және мемлекеттік меншікке берілмеген объектілерге талдау жүргізу сараптамалық-талдау іс-шарасының» қорытынды отырысы Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғ.И.Исақов, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Е.К.Орумбаев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Н.А.Исабеков, Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.А.Абдрашев, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ө.Жаркенов және тиісті әкімдіктердің бөлім басшыларының қатысуымен өткізілді.
Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес қазіргі уақытта облыс аумағында 11 аяқталмаған проблемалық жобалар анықталды. Отырыс барысында әрбір аяқталмаған нысан бойынша проблемалық мәселелер және оны шешу жолдары жеке талқыланды. Қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге аяқталмаған жобаларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
2) «Халықты жұмыспен қамтуды арттыру бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асырудың тиімділігін талдау және бағалау сараптамалық-талдау іс-шарасының» қорытынды отырысы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары С.Б.Турегельдиев және Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильдігі орталығының директоры С.А.Алибековтің қатысуымен өткізілді.
Қорытындысы бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың қолданыстағы жүйесіне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу; жоғары сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүйелі және үздіксіз жүргізуді қамтамасыз ету, Платформалық жұмыспен қамту саласын басқарудағы жүйелік олқылықты жою мақсатында осы салада нақты жұмыспен қамтылған тұлғалардың сенімді есебін қалыптастыруды қамтамасыз ету, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар арасында, әсіресе ауылдық жерлерде несиелеу жүйесін дамыту тапсырылды.
3) «Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының іске асырылу тиімділігіне сараптамалық-талдау іс-шарасының» қорытынды отырысы Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы С.Е.Абдралиева, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ә.С.Желеубаев, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы А.М.Сейсебаев, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Е.Т.Мұсабаевтың қатысуымен өткізілді.
Іс-шара аясында бағдарламалық құжатты әзірлеу, бекіту (қайта бекіту) және мониторинг жүргізу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауына, 2021–2025 жылдарға арналған облыстың даму жоспарын іске асыру барысы туралы ақпарат негізінде жүргізілген мониторинг нәтижелеріне талдау жүргізілді.
Қорытындысы бойынша Жамбыл облысы бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына Даму жоспарын әзірлеу (түзету) сапасын арттыру, жоспарланған іс-шаралардың іске асырылуын мониторингілеу және негізгі ұлттық және нысаналы индикаторларға қол жеткізу, Даму жоспарын іске асыру жөніндегі есепті қалыптастыру, индикаторлар мен іс-шараларға қол жеткізу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында облыстың Даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізілмеу себептеріне талдау жүргізу; бюджетті жоспарлау кезінде бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелерінің облыстың Даму жоспарында айқындалған нысаналы индикаторлармен өзара байланысын бақылау; көрсеткіштердің орындалу сапасын және Даму жоспары бойынша есептерді дайындауды арттыруға, сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық және нысаналы индикаторларына қол жеткізу жөніндегі жұмысты жетілдіруге бағытталған семинарды қоса атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастыру тапсырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы қаулылар қабылдады және тиісті мекемелерге ұсынымдар жіберілді.