
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2024 жылғы Қордай ауданының жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне сыртқы мемлекеттік аудит жүргізілді.
Аудитолрлық іс-шарамен Қордай ауданы бойынша 32 мемлекеттік мекемелерінің қаржылық есептілігінен жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік қалыптастыру барысында бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған қаржылық есептіліктерінің қаржылық есептілігінің анықтығы мен негізділігін, бухгалтерлік есебінің дұрыстығына жүргізілген аудит нәтижелерімен бірқатар кемшіліктер анықталды.
Яғни, Қордай ауданының жергілікті бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін қалыптастыру барысында, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының, қаржылық есептілік және бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының талаптарының сақталмауынан қаржылық есептіліктің бұрмалануы орын алған. Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында өткен отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті нұсқамалар мен ұсынымдар жолдандды.