
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес «Жергілікті атқарушы орган қызметінің Жуалы ауданының дамуына әсер ету тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиті» бойынша мемлекеттік аудит жүргізді.
Мемлекеттік аудитпен 9 мемлекеттік мекеме тексерумен қамтылып, нәтижесінде жалпы сомасы 5 478 436,7 мың теңгені құрайтыны бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:
2) тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты 448 447,0 мың теңге;
3) тиімсіз пайдаланған бюджет қаражаты 2 560 672,0 мың теңге;
4) ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда 355,3 мың теңге;
Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша аудит объектілері тарапынан нормативтік-құқықтық актілерде көзделген нормалар мен ережелердің сақталмауына жол берілген.
Әкімшілік іс жүргізуді қозғау және процестік шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне және Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес 86 материал жолданды.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының тарапынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 234-1 бабы бойынша 3 мемлекеттік аудит объектілері бойынша лауазымды адамдарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 3 хаттама толтырылып 589,8 мың теңге айыппұл салынды.
Қорытынды отырыс нәтижесімен Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті нұсқамалар мен ұсынымдар жолданды.