
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы 23 қазанда Тексеру комиссиясының мүшесі И. Тулемисовтің төрағалығымен Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті және Жамбыл облысы әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараның барысында 2024 жылғы және 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық материалдарының уәкілетті органдарға жолдануы және олардың қаралуы, сондай-ақ жауапты тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел барысында уәкілетті органдардың өкілдері әкімшілік тәжірибе бойынша түсініктемелерін ұсынып, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.