2025 жылдың 19 қыркүйегінде Жамбыл облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылғы І жартыжылдығында өткізілген аудит объектілерінің өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді

2025 жылдың 19 қыркүйегінде Жамбыл облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылғы І жартыжылдығында өткізілген аудит объектілерінің өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді

          Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясында ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде 2025 жылдың І жартыжылдығында жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясы нұсқамаларының орындалуын талқылау үшін аудит объектілерінің өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.

        Аталған кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орынбасары Молдашев Бауыржан Момынкулович, бас есепшісі Шуылдакова Жулдыз Орынбасаровна және Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы қаржы, жоспарлау және шаруашылық бөлімінің басшысы Талғарбаева Меруерт Алтынбекқызы қатысты.

        Кездесу барысында Сапаны бақылау бөлімінің басшысы Н.Ахметов Тексеру комиссиясы нұсқамаларының орындалу тәртібі және орындау барысында орын алып жатқан кемшіліктер жөнінде баяндама жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

        Сондай-ақ, мемлекеттік аудит объектілері өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, алдағы уақытта кемшіліктер мен бұзушылықтарды болдырмау үшін тиісті жұмыстар жүргізіп, қадағалауды күшейту ұсынылды.