Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясында ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде 2025 жылдың І жартыжылдығында жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша анықталған жүйелі кемшіліктер мен бұзушылықтарды талқылау үшін аудит объектілерінің өкілдерімен кездесу өткізілді.
Аталған кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орынбасары Молдашев Бауыржан Момынкулович, бас есепшісі Шуылдакова Жулдыз Орынбасаровна және Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы қаржы, жоспарлау және шаруашылық бөлімінің басшысы Талғарбаева Меруерт Алтынбекқызы қатысты.
Кездесу барысында Тексеру комиссиясының жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы Б.Қасымбек Тексеру комиссиясының 2025 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмысының негізгі қорытындылары және анықталған жүйелі кемшіліктер мен бұзушылықтар жөнінде баяндады.
Сондай-ақ, мемлекеттік аудит объектілері өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, алдағы уақытта кемшіліктер мен бұзушылықтарды болдырмау үшін тиісті жұмыстар жүргізіп, қадағалауды күшейту ұсынылды.