Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы тарапынан 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Денсаулық сақтау саласына, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлем шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілеріне бөлінген қаражаттың және жекелеген бюджеттік бағдарламалар мен активтердің пайдалануына тиімділік аудиті жүргізілді.
Аталған іс-шарамен «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-сі және оған қарасты 14 мекеме қамтылған (6 мекеме үстеме тексерумен қамтылды).
Аудит объектілерінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алуының негізгі себептері тиісті дәрежеде мониторинг пен бақылаудың болмауына байланысты мемлекеттік сатып алу, құрылыс қызметі саласындағы бұзушылықтарға, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындамауға немесе сапасыз орындауға, бухгалтерлік есептілік саласы бойынша заңнамалардың, яғни жауапты тұлғалардың қолданыстағы заңнама нормаларының талаптарын жеткіліксіз басшылыққа алмау салдарынан орын алды.
Сонымен қатар, медициналық қызмет көрсететін ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде көзделген нормалар мен ережелерді басшылыққа алмау салдарынан Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің негізділік пен тиімділік қағидаттары сақталмаған.
Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде өткен отырыс қорытындысы бойынша, Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті нұсқама мен ұсынымдар жолданады.