2025 жылдың 29 мамырында Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді

2025 жылдың 29 мамырында Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді

         Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес «Жергілікті атқарушы орган қызметінің Шу ауданының дамуына әсер ету тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиті» бойынша мемлекеттік аудит жүргізді.

         Мемлекеттік аудитпен 18 мемлекеттік мекеме және 2 кәсіпорыны үстеме тексерумен қамтылып, нәтижесінде жалпы сомасы - 9 938 343,4 мың теңгені құрайтыны бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар сомасы 7 673 152,5 мың теңгені құраса, оның ішінде: толығымен бюджетке түсетін түсімдер 16 820,3 мың теңге, өтелуге жататын 278 243,3  мың теңге, қалпына келтіруге жататыны 7 378 088,9 мың теңге.

Тексеру комиссиясының отырысына дейін түсетін түсімдердің бюджетке түскені 14 419,6 мың теңге, қаржылық бұзушылықтардың өтелгені 170 116,4 мың теңге, қалпына келтірілгені 320 049,0 мың теңге;

2) тиімсіз жоспарланған және пайдаланған бюджет қаражаты – 2 169 437,2 мың теңге;

3) ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда - 95 753,7 мың теңге;

4) анықталған рәсімдік бұзушылықтардың жалпы саны - 212 бірлік;

5) жүйелік кемшіліктердің сипаттамасының жалпы саны - 8 бірлік.

         Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша аудит объектілері тарапынан Жергілікті атқарушы орган қызметінің Шу ауданының дамуына әсер ету тиімділігін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерде көзделген нормалар мен ережелердің сақталмауына жол берілгені анықталды.   

         Әкімшілік іс жүргізуді қозғау және процестік шешім қабылдау үшін 74 материалдар тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге рәсімделіп жолданды, оның ішінде:

         1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ-не 47 материал жолданды;  

         2. Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талабы сақталмай, 24 материал жолданған.

         Сондай-ақ, Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының тарапынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 235- бабына сәйкес:

        «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-сінің басшысы Ж.Каликовқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы 3 хаттама толтырылды.

         Ағымдағы жылдың 29 мамырында өткен отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті нұсқама мен ұсынымдар жолданады.