Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты сектор субъектілерінің борышты басқару тиімділігіне аудиттің қорытындысын шығарды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты сектор субъектілерінің борышты басқару тиімділігіне аудиттің қорытындысын шығарды

2024 жылғы 23 желтоқсанда Тексеру комиссиясының жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындыларын қарау жөніндегі кезекті отырысы өткізілді. 

Бюджеттен қарыздар/кредиттер әлеуметтік, соның ішінде: мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру бойынша мәселелерді шешу үшін, агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық жобаларды іске асыруға, тұрғын үйді жобалауға, салуға, жастар кәсіпкерлігін қолдауға және басқалар үшін алынған.

Берілген кредиттік қаражат аясында Глубокое ауданының Глубокое кентінде 60 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды, Өскемен қаласында 10 позиция бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүзеге асырылуда, жастарға 247 кредит берілді, 4 мың басқа арналған сүт-тауар фермаларын салу (қайта жаңарту) бойынша 5 жобаны іске асыру жүзеге асырылуда.

Жүргізілген мемлекеттік аудит аясында Шығыс Қазақстан облысының жинақталған мемлекеттік борышының жалпы сомасы 78 771 479,8 мың теңгені, соның ішінде: республикалық бюджеттен 37 573 132,7 мың теңге соманы (жалпы борыштың 47,7%-ы), мемлекеттік бағалы қағаздар шығару 41 198 347,1 мың теңге соманы (жалпы борыштың 52,3%-ы) құрады.

Аудитпен 11 объекті қамтылды, соның ішінде 3 үстеме тексеру жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 2 119 280,0 мың теңгенің заңнама нормаларын бұзушылықтар анықталды. Қаржылық бұзушылықтар 6 973,6 мың теңгені, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау
1 865 235,3 мың теңгені, бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз пайдалану 247 071,1 мың теңгені құрады, 99 630,8 мың теңге мөлшеріндегі ықтимал шығындар мен жоғалған пайда анықталды, он бір рәсімдік бұзушылық және төрт жүйелік кемшілік анықталды.

Мемлекеттік аудит барысында және отырыс өткізілгенге дейін бюджет кірісіне 4 320,4 мың теңге немесе өтеуге жататын 6 973,6 мың теңге соманың 62,0%-ы өтелді.

Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне тиісті ұсынымдар берілді және анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді жою туралы нұсқамалар шығарылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін 18 материал әкімшілік іс қозғау үшін                Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне берілді.