Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының
2026 жылғы 31 наурызда өткен отырысында мемлекет активтерін пайдалануға, жергілікті бюджет қаражатын жоспарлау мен орындауға, салықтық әкімшілендіруге, бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ Риддер қаласының жергілікті атқарушы органдары қызметінің экономиканы, әлеуметтік және мемлекеттік басқарудың басқа да салаларын дамыту ықпалына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.
Аудитпен 9 объект қамтылды, 2023-2025 жылдар кезеңі бойынша тексерілген қаражат пен активтердің жалпы сомасы 18,8 млрд теңгеден асты.
Облыстың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының Риддер қаласы бойынша іске асырылуын талдау барысында 2023-2025 жылдар кезеңінде жекелеген нысаналық индикаторларға қол жеткізілмегені анықталды: 2023 жылы 32 көрсеткіштің 4-і (12,5%), 2024 жылы
8 көрсеткіштің 2-і (25,0%), 2025 жылы 8 көрсеткіштің 1-і (12,5%)%) орындалмаған.
Қаланы дамыту бойынша бекітілген бағдарламалық құжаттың болмауы; аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының сеніп тапсырылған жұмыс учаскелерінде өздерінің функционалдық міндеттерін орындамауы, бюджет қаражатын жоспарлау негізділігінің жеткіліксіздігі, мемлекеттік мүлікті басқаруды бақылаудың нашарлығы, сондай-ақ басқарушылық шешімдердің жеткілікті пысықталмауы негізгі проблемалар қатарына жатқызылды.
Негізсіз шығындар мен төлемдер, орындалмаған жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу, бухгалтерлік есепті бұзу және есептілікті бұрмалау, сондай-ақ кірістердің бюджетке уақытылы түспеуі негізгі қаржылық бұзушылықтар болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдар бойынша ақпарат әкімшілік өндіріс қозғау үшін уәкілетті органдарға берілді.
Сонымен қатар, Тексеру комиссиясы өз бетінше 2 материалды қарап, олар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 234-1-бабына сай айыппұл салды.
Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне бұзушылықтарды жоюға және қаланың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге арналған ұсынымдар беріліп, нұсқамалар шығарылды.