Жаңаарқа аудандық мәслихатының кезектен тыс XLVI сессиясында жергілікті бюджетті жоспарлау және оның орындалуына қатысты мәселелер қаралды.

Жаңаарқа аудандық мәслихатының кезектен тыс XLVI сессиясында жергілікті бюджетті жоспарлау және оның орындалуына қатысты мәселелер қаралды.

Жаңаарқа аудандық мәслихатының кезектен тыс XLVI сессиясында жергілікті бюджетті жоспарлау және оның орындалуына қатысты мәселелер қаралды. Депутаттардың назарында 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу, сондай-ақ кенттер мен ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау мәселелері болды.

Отырыстың негізгі мәселелерінің бірі Жаңаарқа ауданы бюджетінің 2025 жылғы атқарылу қорытындыларын қарау болды. Сонымен қатар ауданның кенттері мен ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы туралы есептер тыңдалды.

Сессия жұмысына Ұлытау облысының Тексеру комиссиясының мүшесі Н.А. Сәрсекеева қатысты.

Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, бюджеттердің атқарылуы туралы есептер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес бекітілді.