
Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс XLVI сессиясында 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке, сондай-ақ кенттер мен ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізуге қатысты бірқатар мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі Ұлытау ауданы бюджетінің, сондай-ақ 2025 жылғы кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті қарау болды.
Сессия жұмысына Ұлытау облысының Тексеру комиссиясының мүшесі Е.Тұрлыбекұлы, Ұлытау ауданының әкімі, Мемлекеттік мекемелердің басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес сессия Ұлытау ауданы бюджетінің, сондай-ақ кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің 202 үшін атқарылуы туралы есепті бекіту туралы шешім қабылдады.