
Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында ұйым қызметкерлері Жезқазған қаласы әкімдігінің бастамасын қолдап, жалпы қалалық экологиялық сенбілікке қатысты. Бекітілген аумақта санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоқыс жиналып, іргелес аумақтар ретке келтірілді. Аталған іс-шара қолайлы экологиялық жағдай қалыптастыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін арттыруға бағытталған.