
Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясы 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес ағымдағы жылдың 12 айында 40 аудит объектісінде 12 аудиторлық және 4 сараптамалық-талдамалық іс-шара өткізді. Бюджет қаражаты мен мемлекет активтері 54 млрд теңге көлемінде қамтылды.
Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 24,5 млрд теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
• анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасынан 6,8 млрд теңге қалпына келтірілді, облыс бюджетіне 400 млн теңгеден астам қаражат өтелді;
• рәсімдерді орындау тәртібінің 290 бұзушылығы және 36 жүйелік кемшілік анықталды;
• 23 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды;
• 35 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
• 1 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар жүйелі сипатқа ие болып, олар бюджеттік жоспарлаудың кемшіліктерімен, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың әлсіздігімен және бақылаудың жеткіліксіздігімен байланысты. Бұл мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін арттыру үшін кешенді шаралар қабылдауды талап етеді.