Пресс-релиз 2025 жылғы 18 желтоқсанда Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Пресс-релиз  2025 жылғы 18 желтоқсанда Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста Ұлытау облысының автомобиль жолдарын дамытуға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті (жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша) мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды. Аудит «Ұлытау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ, сондай-ақ автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында өкілеттіктерді жүзеге асыратын облыстың қалалары мен аудандарының мемлекеттік мекемелерінде жүргізілді. Аудит шеңберінде жекелеген әкімдіктерінде үстеме тексерулер де өткізілді.

Аудитпен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі 11 530 268,0 мың теңгені құрады. Мемлекеттік аудиттің нәтижесінде 6 658 586,5 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: бюджетке өтелуге тиіс сома — 121 064,1 мың теңге, орындалуға тиіс жұмыстар арқылы қалпына келтіру — 199 143,6 мың теңге, бухгалтерлік есеп арқылы қалпына келтіру — 6 338 378,8 мың теңге. Қаржылық бұзушылықтардан бөлек, аудит барысында сондай-ақ:

бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау — 2 135 988,3 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану — 770 993,6 мың теңге, ықтимал шығындар мен жоғалған пайда – 102 167,3 мың теңге, рәсімдік сипаттағы 21 бұзушылық анықталды.

Аудит нәтижелері бойынша заңнама нормаларының бұзылуына себеп болған келесі мәселелер анықталды: бюджет бағдарламалары әкімшісі тарапынан бақылаудың болмауы, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдың жеткіліксіздігі, техникалық қадағалау жүзеге асыратын орындаушылардың құрылыс-монтаж жұмыстарының нәтижелерін формалды түрде қабылдауы.

Заңнаманы бұзудың 25 фактісі бойынша материалдар уәкілетті органдарға жіберіліп, жауапты лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралды. Олардың алтауы бойынша 353,9 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұлдар салынды.

Мемлекеттік аудит объектілерінің мекенжайына анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жіберілді.

Аудиторлық іс-шараның қорытындылары Ұлытау облысының мәслихаты мен әкімдігіне жолданды.