Пресс-релиз Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясы «Жаңаарқа ауданының аумағында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында шараларды іске асыру және бюджеттік қаражатты пайдалану тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Пресс-релиз Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясы «Жаңаарқа ауданының аумағында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында шараларды іске асыру және бюджеттік қаражатты пайдалану тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Бюджет қаражаты ел игілігіне жұмсалуы тиіс.

Желтоқсан айының 8-і күні Тексеру комиссиясының кезекті жиыны өткізілді. Дөңгелек үстелді аудан әкімі Қанат Шубайұлы Қожықаев ашып, жүргізді.

Бірінші кезекте Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Ермек Қылышұлы Ибикенов тексеру жұмыстарының нәтижелері жайында баяндап өтіп, Жаңаарқа ауданы бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасына бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы туралы айтты.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, халықтың әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру көзделген.

Жоба аясында көптеген жұмыс орындары құрылып, мектептер мен ауруханалар салынып, бірнеше шақырым жолдар жөнделді. Ауылдық елді мекендер газбен және сумен қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығы саласында орта және шағын бизнесті дамыту қарқын алды. Сондықтан аталмыш жобаға бөлінген қаржының мақсатты түрде жұмсалуына қатаң бақылау қойылады.

Жаңаарқа ауданында 12 тірек және 5 спутниктік ауылдық елді мекеннің тізбесі әкімшілік мәртебесіне, даму перспективаларына, халық санына және әлеуметтік-экономикалық әлеуетін сипаттайтын көрсеткіштерге сүйене отырып, Ұлытау облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген.

2022–2025 жылдар аралығында Жаңаарқа ауданындағы 11 ауылдық елді мекенде «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру мақсатында жалпы құны 7 248 408,0 мың теңгені құрайтын 23 жоба қабылданғаны аталып өтті.

Бұл жобалар негізгі ауылдық елді мекендерді дамытуға, инфрақұрылымды жаңарту арқылы ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, халық табысын көтеруге, ауылдық жерлердің тартымдылығын арттыруға және әлеуметтік ортаны аймақтық стандарттар деңгейіне жеткізуге бағытталған. Жобаның жүзеге асуы ауылдық жерлердегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жақсаруына және халықтың жоғары қанағаттануына мүмкіндік береді.

Жиынға қатысқан ауылдық округтердің және мемлекеттік мекемелердің есепшілері мен қызметкерлері өз салаларына қатысты сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.