
Тексеру комиссиясының отырысында ««Ұлытау облысында 2022-2023 жылдар кезеңінде "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасының және 2029 жылға дейінгі білім беру жүйесін дамытудың жол картасының міндеттері мен көрсеткіштерін іске асыру» сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындысы шығарылды.
Талдау көрсеткендей, өңірдің білім беру жүйесін дамыту бағытында белгілі бір оң нәтижелер болғанымен, мақсатты индикаторларға толық қол жеткізуге кедергі келтіретін бірқатар жүйелі мәселелерді анықтады.
Талдау барысында төмендегі негізгі мәселелер айқындалды:
Балабақша құрылыстары мен шағын орталықтарды ашу жобаларының уақытында орындалмауы көптеген іс-шаралардың келесі жылдарға ауысуына әкелген.
2025 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың ағымдағы жөндеуіне қаражат қарастырылмаған.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру бойынша өңірлік жоспарларды өзектендіру жүргізілмеген.
Бейімделген ғимараттардағы мектептерді көшіру, апатты мектептерді жою, спорт залдары құрылысы сияқты бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың орындалуы туралы ақпарат ұсынылмаған.
2025 жылы спорт алаңдарын жөндеуге қаражат бөлінбегендіктен 14 нысан бойынша жоспар орындалмайды.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий салдарынан балабақшаларда жаңа арнайы топтар ашу жоспары орындалмаған.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері бойынша жобалардың іске асуы баяу, кейбірі тек қаулы деңгейінде қалуда.
2024–2025 жылдары қосымша білім беру объектілерін жөндеуге қаражат бөлінбеген.
Қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша нақты ақпарат ұсынылмаған.
Жол картасындағы 81 іс-шараның тек 68-іне ғана ақпарат берілген, 13 іс-шара бойынша мәлімет жоқ.
Есептілік толықтығы 84% деңгейінде, бұл білім беру жүйесінің даму деңгейін толық және объективті бағалауға мүмкіндік бермейді.
Бірқатар көрсеткіштер бойынша әртүрлі ақпараттық көздерде мәліметтердің сәйкессіздігі байқалады.
Жоғарыда көрсетілген мәселелер білім беру саласындағы Жол картасын және облыстың 2021–2025 жылдарға арналған даму жоспарын толық және тиімді іске асыруға кедергі келтіріп отыр.
Сараптамалық-талдамалық іс-шараның қорытындысы бойынша объектілерге ұсыныстар беріліп, мәслихатқа және Ұлытау облысының әкімдігіне ақпарат жолданды.
Төмендегі сілтемені басу арқылы Сараптамалық қорытындымен таныса аласыз.
https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomulytau/documents/details/935495?lang=kk