
Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында шараларды іске асыру және бюджеттік қаражатты пайдалану тақырыбында сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізді.
Талдау көрсеткендей, Ұлытау облысында Ұлытау, Жаңаарқа аудандары және Жезқазған қаласы бойынша 19 тірек және 6 спутниктік ауылдық елді мекендер тізбесі әкімшілік мәртебесіне, даму перспиктиваларына, халық саны мен олардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін сипаттайтын көрсеткіштерін негізге ала отырып бекітілген.
2022-2025 жылдары аралығында Ұлытау облысында жалпы 17 ауылдық елді мекенге «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында жалпы 13 522 587,2 мың теңгеге 40 жоба қабылданған.
Жобалар негізгі ауылдық елді мекендерді дамытуға, ауыл халқының өмір сүру сапасын инфрақұрылымды жаңарту арқылы жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, кірістер мен өмір сүру деңгейін арттыруға, ауылдық жерлерде тұрудың тартымдылығын арттыруға, әлеуметтік ортаны жаңғыртуға және оны Аймақтық стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізуге бағытталған. Жобаны жүзеге асыру ауылдық жерлерді дамыту бойынша көзделген мақсатты көрсеткіштерге, ауылдық жерлердегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасына және бағдарлама нәтижелерінен халықтың жоғары қанағаттануына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Алайда бүгінгі таңда жобаларды іске асыру барысында бірқатар келесідей кемшіліктер анықталды:
- жобаны жүзеге асыру мерзімдері бұзылуы себебінен қаражатты иегере алмауы;
- жобаларды жүзеге асыруда әкімшілер тарапынан тиісті бақылау мен мониторингтің жүргізілмеуі;
- уәкілетті органның берген сынақ хаттамасының нәтижесі бойынша орындалған жұмыстардың техникалық талаптарға сәйкес еместігі;
- тапсырыс беруші мен техникалық қадағалау қызметінің бақылау деңгейінің жеткіліксіздігі.
2025 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша, уәкілетті органның («Ұлытау облысының экономика басқармасы» ММ) мониторингінде тұрған жалпы сомасы 6 308 859,0 мың теңге болатын 15 жобаның 2 943 237,4 мың теңгесі немесе 46,6%-ы игерілген. Жалпы арнайы жобаны іске асыру барысында жалпы сомасы 4 171 435,7 мың теңге болатын 28 жоба (70%) аяқталған, бұл жобалардың жалпы құнының 30,8%-н құрайды. Белгіленген кезеңде облыстың 2 өңірінде 298 уақытша жұмыс орны құрылды.
Төмендегі сілтемені басу арқылы Сараптамалық қорытындымен таныса аласыз.
https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomulytau/documents/details/932630?lang=kk