Пресс-релиз 2025 жылдың 23 қазанда Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Пресс-релиз 2025 жылдың 23 қазанда Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында «Ұлытау облысында іске асырылуға жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын талдау және бағалау» сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындысы шығарылды.

Талдау көрсеткендей, өңірде денсаулық сақтау саласындағы сегіз МЖӘ жобасы іске асырылуға тиіс, оның ішінде үш жоба аяқталды, оның ішінде 2022 жылы облыс құрылғанға дейін және 2025 жылы бір жоба. Айта кету керек, Ұлытау облысында іске асырылатын МЖӘ шарттары Қарағанды облысында аумақтық тиесілілікте болу кезеңінде жасалды, Ұлытау облысын құру кезеңінде МЖӘ жобалары бойынша дербес жасалған шарттар жоқ.

Жобалар денсаулық сақтау саласы бойынша іске асырылып, халықты медициналық қызметпен қамтамасыз етуге бағытталған. Денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ-нің мақсаты денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту және көрсетілетін медициналық және медициналық емес қызметтердің сапасын арттыру үшін жеке капиталды тарту болып табылады.

Алайда бүгінгі таңда бірқатар проблемалар анықталды:

- жергілікті деңгейдегі МЖӘ жобаларын үйлестіру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындалмаған;

- экономика, қаржы, денсаулық сақтау басқармасының ресми интернет-ресурстарында өңірде іске асырылып жатқан МЖӘ жобалары туралы ақпарат жоқ;

- МЖӘ жобаларын іске асыру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесі ЖАО ресми сайттарында қалыптастырылмайды және жарияланбайды;

- Уәкілетті органның МЖӘ орталығымен және «Атамекен» өңірлік ӨКП-мен МЖӘ мәселелері бойынша өзара іс-қимылы жоқ;

- 2024 жылы МЖӘ жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізілмеген;

- облыстың мәслихатына тыңдау үшін жергілікті МЖӘ жобаларын іске асыру туралы есеп енгізілмеген;

- аяқталған 3 МЖӘ жобасына аудит жүргізілмеген, бұл осы жобалардың тиімділігін бағалауды қиындатады.

https://kzppp.kz/ «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ сайтында жарияланған деректерге сәйкес, МЖӘ жобаларын іске асыру бойынша өңірлердің жалпы рейтингінде Ұлытау облысы облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар арасында соңғы орында, сондай-ақ жеке инвестиция тартудың ең төменгі көрсеткішіне ие.

Сараптамалық-талдамалық іс-шараның қорытындысы бойынша объектілерге ұсыныстар беріліп, мәслихатқа және Ұлытау облысының әкімдігіне ақпарат жолданды.

 

Төмендегі сілтемені басу арқылы Аудиторлық қорытындымен таныса аласыз.

https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomulytau/documents/details/914596?lang=kk