
2025 жылғы 10 қазанда Жезқазған қаласында заңнамада белгіленген шектеулерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп стандарттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарын сақтау мәселелерін түсіндіру бойынша іс-шара өтті.
Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Қ. Ибикенов сөз сөйледі, ол мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың нормаларын, шектеулерді сақтауды, мүдделер қақтығысының алдын алу жөніндегі талаптарды, қызметтік жағдайды жеке мақсаттарда пайдалануға тыйым салуды, құмар ойындарға қатыспауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негіздерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Оқу барысында этикалық стандарттарды сақтаудың практикалық мысалдары талқыланды, белгіленген шектеулерді бұзудың салдары және Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру шаралары қарастырылды.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін нығайтуға, адалдықты дамытуға және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға ықпал етеді.