Пресс-релиз Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясы құрылыс саласына бөлінген бюджет қаражатын, оның ішінде Ұлытау облысының проблемалық және аяқталмаған жобалары бойынша пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары

Пресс-релиз Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясы құрылыс саласына бөлінген бюджет қаражатын, оның ішінде Ұлытау облысының проблемалық және аяқталмаған жобалары бойынша пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары

Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясы құрылыс саласына бөлінген бюджет қаражатын, оның ішінде Ұлытау облысының проблемалық және аяқталмаған жобалары бойынша пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындыларын шығарды.

Қамтылған қаражат көлемі 24 214 576,7 мың теңгені құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын бұзушылықтар жалпы сомасы 6 649 500,7 мың теңгеге анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 1 462 666,1 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану – 5 079 226,3 мың теңге, ықтимал шығындар мен жоғалған пайда – 58 861,2 мың теңге.

Рәсімдерді орындау тәртібінің 74 бұзылуы және 9 жүйелік кемшіліктер анықталды.

Мемлекееттік аудитпен жүйелі мәселелер кешені анықтады:

- мердігерлердің өз міндеттемелерін уақытында орындамауы;

- сот істері;

- мердігерлермен шарттардың бұзылуы;

- ЖСҚ-ға түзетулер жүргізу;

- ЖСҚ-ның сапасыз әзірленуіне байланысты жобалардың қымбаттауы;

- жобаларды іске асыруға қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

- ішкі бақылаудың әлсіз ұйымдастырылуы;

Осы факторлардың барлығы бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне теріс әсер етеді және әлеуметтік маңызы бар объектілерді пайдалануға беруді созады.

Мемлекеттік аудит жүргізу барысында және ревизиялық комиссияның отырысына дейін 10 647,5 мың теңге өтелді, 182 376,6 мың теңге қалпына келтірілді, 1 269 641,9 мың теңге қалпына келтірілуге жатады.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 27 факт бойынша материалдар әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органдарға берілді.

Мемлекеттік аудит объектілерінің мекенжайына анықталған бұзушылықтарды жою және оларды жіберген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жолданды.

Аудиторлық іс-шараның қорытындылары Ұлытау облысының мәслихатына және әкімдігіне жолданды.