2025 жылғы 16 шілдеде Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссияның отырысында Жаңаарқа ауданы бойынша бюджет қаражаты мен активтерді пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.
Мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы ақпаратпен Тексеру комиссияның мүшесі Тұрлыбекұлы Е. сөз сөйледі.
Мемлекеттік аудитпен 4 нысан қамтылды. Аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 4 796 631,0 мың теңгені құрады.
Мемлекеттік аудит нысандарында ішкі бақылау жүйесінің тиісінше ұйымдастырылмауы, қызметкерлердің өз міндеттерін дұрыс атқармауы, бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерін қалыптастыруға, бюджет қаражатын жоспарлауға және есептілікті жасауға формалды көзқараспен қарау салдарынан Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларын 2 443 979,2 мың теңге болып анықталды, оның ішінде:
-қаржылық бұзушылықтар – 60 122,0 мың теңге;
-бюджет қаражаттарын (активтерді) тиімсіз пайдалану – 2 190 560,0 мың теңге;
-бюджет қаражаттарын (активтерді) тиімсіз жоспарлау – 193 177 мың теңге;
-шығындар мен мүмкін болатын пайданың жоғалуы – 120,2 мың теңге.
Сонымен қатар, процедураларды орындау тәртібінің 40 бұзушылығы және 6 жүйелік кемшілігі анықталды.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар бұзушылықтар 4 нысанда (18 фактілер) анықталды және олар лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарастыру үшін Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне және Ұлытау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына беруге жатқызылады.
Бұзушылықтардың жалпы сомасының 60 122,0 мың теңгесі бюджетке өтелуге жатады. Өтеуге қалдық 60 122,0 мың теңге.
Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссияның қаулысымен аудиттік қорытынды бекітіліп, аудит нысандарына Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды және оларға ықпал еткен себептер мен шарттарды жою туралы нұсқамалар жіберілді.