Пресс-релиз Ұлытау облысында салықтық әкімшілендірудің тиімділігі бойынша дөңгелек үстел өтті

Пресс-релиз Ұлытау облысында салықтық әкімшілендірудің тиімділігі бойынша дөңгелек үстел өтті

2025 жылғы 3 шілдеде Ұлытау облысы бойынша Ревизиялық комиссиямен «Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ мен «Жезқазған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-лерінде салықтық әкімшілендірудің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша дөңгелек үстел форматында кеңес өткізілді.Кеңеске мемлекеттік кірістер департаменті мен аумақтық басқармалардың қызметкерлері бейнеконференция байланысы арқылы қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар мемлекеттік аудиттің нәтижелерін, жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігін қалыптастыру мәселелерін (салықтық түсімдер), мемлекеттік кірістер органдары мен жергілікті уәкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ Ұлытау облысының жергілікті бюджеттеріне есепке алынуға жататын салықтарды әкімшілендіруде туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда, мемлекеттік кірістер органдарының ерекше назарын талап ететін міндеттер ретінде салық салу объектілерін уақтылы анықтау мен тіркеу, салық төлемдерінің толықтығы мен уақытылы түсуін есепке алу және бақылау механизмін жетілдіру, сондай-ақ салық төлеуден жалтарушыларға қатысты әкімшілік шаралар қолдану мәселелері айтылды.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің өсуі, олардың салықтық әлеуетін арттыру, түсімдердің ішкі резервтерін іздестіру және бақылау тиімділігін көтеру – бұл салық органдары мен мемлекеттік аудит органдарының бірлесіп шешетін ортақ міндеті екені атап өтілді.