2025 жылғы 27 маусымда Ұлытау аудандық мәслихаты сессиясының кезекті ХХХІІІ отырысында Ұлытау ауданы бюджетінің 2024 жылға орындалуы туралы Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының есебі (қорытындысы) қаралды. Сессияда Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Е. Тұрлыбекұлы баяндама жасады. Күн тәртібінде "Ұлытау ауданының, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің (жергілікті өзін-өзі басқару) бюджеттерінің атқарылуы туралы" бюджеттердің атқарылуына кейінгі бағалау жүргізілді және олардың орындалуы жөніндегі есеп бекітілді. Аудан әкіміне және бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне тиісті ұсыныстар берілді.