2025 жылғы 19 маусымда Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Тексеру комиссиясының отырысында Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.
Аудитпен бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі (бұдан әрі - ББЖ ҚҚҚ) және «Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ жеке қаржылық есептілігі қамтылды.
Аудитпен анықталған шоғырландырылған қаржылық есептіліктің бұрмалануының жалпы сомасы
34 180,3 мың теңгені құрады. Бұрмалаулардың жиынтық көлемі жалпы АБП ҚҚҚ үшін елеулілік деңгейінен асып кеткенін ескере отырып, 2024 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілікке қатысты ескертпемен пікір білдірілді.
Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының талаптарынан негізгі ауытқулар, сондай-ақ шоғырландыру кезінде әсер ететін басқа да қателіктер ретінде активтерді есепке алуда мойындамау және дұрыс мойындамау, негізгі құралдар мен қорларды дұрыс жіктемеу, салық және әлеуметтік төлемдер бойынша бюджетпен, жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу, сондай-ақ мекеме қызметкерлеріне төлемдер бойынша операцияларды бухгалтерлік есеп регистрлерінде толық көрсетпеу атап өтілді.
Лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар мемлекеттік аудит материалдары мәселені қарау және тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тиісті мемлекеттік органдарға берілді.
Мемлекеттік аудит объектісі мен уәкілетті органның мекенжайына анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жіберілді.
Жезқазған қаласы мәслихатына лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің талаптарын бұзу және сақтамау фактілері бойынша ұсыныстар жолданды.