Тексеру комиссиясында халыққа медициналық көмек көрсетуге бағытталған квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды

Тексеру комиссиясында халыққа медициналық көмек көрсетуге бағытталған квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды

Отырыста халыққа медициналық көмек көрсетуге бағытталған «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит нәтижелері қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 35 417,6 мың теңгеге ҚР заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 2 629,1 мың теңге сомасында өтелуге, 13,1 мың теңге бюджетке түсуге, 32 775,4 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге, 94 176,3 мың теңге сомасына тиімсіз жоспарлауға жатады. Бұдан басқа, 104,0 мың теңге сомасына бюджет шығыны анықталды, сондай-ақ 31 рәсімдік бұзушылық және кәсіпорын қызметінде 2 кемшілік анықталды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит даму жоспарының көрсеткіштері бойынша нәтижелерге қол жеткізбеу, еңбекақы төлеу қорын тиімсіз жоспарлау, сыйлықақылар, сауықтыру жәрдемақыларын, жалақыны төлеу бойынша бұзушылықтар анықталды, шығыстар негізсіз асыра бағаланды, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауды бұзушылықтар анықталды, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа талап қою бойынша тиісті жұмыс жүргізбеу бөлігінде, техникалық ерекшелікті мемлекеттік тілде орналастыру бөлігінде заңнама нормалары ескерілмеген, сондай-ақ ақпаратты орналастыру кезінде ұлттық мемлекетаралық стандарттар және т. б. көрсетілмеген.

Халыққа көрсетілген медициналық қызметтер сапасының қолжетімділігін және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптарды сақтау мәселелерін бағалау кезінде медициналық құжаттаманы сапалы жүргізу бойынша жұмыс жеткіліксіз ұйымдастырылған, емдік тамақтануды ұйымдастыру бойынша жағдай анықталған, науқастарға дайын тамақ беру бойынша бақылаудың болмауы бөлігінде, қабылдау бөлмесінің жұмысы тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған, дәрілік заттарды сақтау бойынша бұзушылықтар анықталған және медициналық бұйымдар.

Қабылдау бөлмесінде реанимация палатасы болмады, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін медициналық жабдықтар мен қажетті медициналық бұйымдар пациенттердің қысқа мерзімді болу палатасында (диагностикалық палатада) болды.

Аудит барысында сауалнама жүргізілді, оның нәтижелері бойынша тамақтану сапасын жақсарту, төсек-орын жабдықтары, медициналық палаталарда дәрігерді шақыру түймелерін орнату бойынша ұсыныстар берілді, сондай-ақ медбикелердің пациенттерге нашар қарым-қатынасы туралы ескертулер белгіленді.

Жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша бюджетке 980,5 мың теңге сомасында өтелді, бухгалтерлік есеп бойынша 32 775,4 мың теңге қалпына келтірілді.

Кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау үшін ҚР ӘҚБтК 207-баптың 10-бөлігі, 238-бабының 1-бөлігі, 205-бабының 2-бөлігі, 425-бабының 1-бөлігі, 426-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық белгілері 48 материалдары уәкілетті органдарға берілді.

Мемлекеттік аудит нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жіберілді.