
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Салтанатты іс-шара барысында Төраға ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, оның маңызды екенін атап өтті, әркімнің кәсіби жұмысы азаматтардың өмір сүру сапасына, Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне байланысты, зор денсаулық пен отбасылық амандық тіледі.
Мінсіз мемлекеттік қызметі және көп жылғы қажырлы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен А.Т.Әбдірақманова марапатталды.
Кәсіби мереке құрметіне Солтүстік Қазақстан облысы Әкімінің Құрмет грамотасымен Д.С. Бегалин, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департамент басшысының Алғыс хатымен А.Б. Аманжол-Жасұланның марапатталды.