
Қаржы тәртібін күшейту, жүйелі қаржылық бұзушылықтардың, кемшіліктердің, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану мақсатында, 2026 жылғы 28 мамырда Тексеру комиссиясының мүшесі А.Е. Қарабеков, Тимирязев ауданында аудан әкімі аппаратының, ауылдық округ әкімдерінің, бюджеттік мекемелердің бөлім басшылары мен бас бухгалтерлері қатысуымен семинар (дөңгелек үстел) өткізді.
Кездесу барысында Тексеру комиссиясының 2025 жылғы және 2026 жылғы 1 тоқсандағы аудиторлық қызметінің қорытындылары ұсынылды, сондай-ақ аудиторлық іс-шаралар барысында анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар, жүйелі кемшіліктер және жіберілген бұзушылықтар үшін қолданылатын жауапкершілік шаралары айтылды. Кездесуге қатысушылар анықталған бұзушылықтар бойынша сұрақтар қойылды, оларға тиісті жауаптар берілді.
Семинар қорытындысында ауылдық округ әкімдері мен бюджеттік ұйымдардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар беріліп, қаржылық тәртіпті, нормативтік-құқықтық актілерді білу деңгейін арттыру қажеттілігі атап өтілді, сонымен қатар аудандық және ауылдық бюджеттерді жоспарлау мен атқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған негізгі басымдықтар айқындалды.